457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 112 елдің спортшылары қатысады

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру комитетіне әлемнің 112 елінен спортшылардың қатысуға өтінімдері келіп түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 3 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Өтінімдер Аустралия, Әзербайжан, Аргентина, Армения, Бангладеш, Бахрейн, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Қазақстан, Моңғолия, Польша, Ресей, АҚШ, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерден түскен. Айта кетейік, бастапқыда ұйымдастыру комитеті 100 елге ресми шақыру жолдаған болатын.

Биылғы ойындардың бағдарламасына 42 спорт түрі енгізілген.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі 31 тамызда Бішкектегі жаңа стадионда өтеді. Ал негізгі спорттық, мәдени және ғылыми іс-шаралар 2-6 қыркүйек аралығында Ыстықкөл облысындағы Шолпан-Ата қаласы мен Қыршын шатқалында ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми тұмары ретінде Батай есімді қар барысы таңдалды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 155 спортшымен қатысады

 

Фото: facebook.com/Worldnomadgames

Ең көп оқылған