Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты алаңдаушылығымен бөлісті
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов үйлену мәселесіне қатысты ойын бөлісіп, әкесінің болашақ жарына разы болмауынан қорқатынын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осы жазбасынан кейін спортшы желі қолданушыларының сынына ұшырған.
Танымал спортшы Threads әлеуметтік желісінде ықтимал некеге қатысты ойларын жариялаған еді.
«Әкем мені қаншама жыл үйлендіруге тырысты - нәтиже болмады. Ал енді бір күні болашақ жарымды үйге алып келсем, ең қатты қорқатыным - оның: “Осынша уақыт таңдаған қызың осы ма?” деп айтуы. Сондықтан менде жай ғана емес, қос жауапкершілік бар: таңдауыма да, беделіме (талғамыма) де жауаптымын. Кейде таңертең осындай ойлар келеді», - деп жазды Қуат Хамитов.
Бұл жазба желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік 37 жастағы спортшыны өз бетінше шешім қабылдауға шақырып отыр.
Осыған қатысты желі қолданушылары «Threads-та ұятқа қалмай өткен бір күн де жоқ», «Қуат Хамитовтың контенті неден тұрады: ММА жекпе-жектері мен үйленуге қыз іздеу ме?»
«Психологқа бару керек, ата-анадан әлі де тәуелсіз емессіз, өз ойыңызбен өмір сүру қажет», «Мен жаңа ғана не оқыдым өзі? Интернетке төлеген ақшамды өзіме өзім аядым» деген сыңайда пікір жазды.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған