Мәзір
Жаңалықтар

ҚР чемпионаты: Маңғыстау дзюдошылары жалпы есепте көш бастады

Сабина Асқарқызы 228 қаралым
ҚР чемпионаты: Маңғыстау дзюдошылары жалпы есепте көш бастады

Дзюдодан ҚР чемпионатында Маңғыстау облысының командасы жалпыесепте көш бастады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

10-12 қараша күндері аралығында жекелей сын бойынша Маңғыстау облысының командасы 3 алтын, 1 қола медаль иеленді. Осылайша, батыс аймақтың татами шеберлері ел бойынша ең көп алтын медаль иеленген өңір атанды.

Екінші сатыға Абай облысының құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 3 қола жүлдемен жайғасты. Ал үздік үштікті Атырау облысы 2 алтын, 2 қола медальмен түйіндеді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысының командасы 2, Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының дзюдошылары 1 алтыннан иеленді.

Айта кететін жайт, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының дзюдошылары Семейдегі чемпионаттың жекелей сынында жүлдесіз қалды.

Фото: ҚР дзюдо федерациясы 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар