457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қонақүйде өлі табылған норвегиялық биатлоншы гипоксиялық маскада болған

27 жастағы спортшының денесі Италиядағы Лавазе елді мекеніндегі қонақүй нөмірінен табылған еді.

Италия Альпісіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде қонақүйде көз жұмған норвегиялық биатлоншы Сиверт Баккен ауа алуды шектейтін гипоксиялық маскада болған, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы Норвегия биатлон қауымдастығының бас хатшысының міндетін атқарушы Эмили Нордскар мәлімдеді. 

Үш дүркін Еуропа чемпионының қазасы 23 желтоқсанда белгілі болды. 27 жастағы спортшының денесі Италиядағы Лавазе елді мекеніндегі қонақүй нөмірінен табылған.

Эмили Нордскар қауымдастықтың спортшы бұл масканы қайдан алғаны және қандай жағдайда пайдаланғаны туралы нақты ақпаратқа ие емес екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Сиверт Баккеннің мәйітіне алдағы күндері Италияда сот-медициналық сараптама (аутопсия) жүргізу жоспарланып отыр.

Сиверт Баккен 2022 жылы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған, сондай-ақ 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы.

Айта кетейік, 2022 жылы спортшыға миокардит диагнозы қойылған, ал 2024 жылы ол қайтадан жарыстарға оралған.

Фото: Global Look Press