Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жас ерекшеліктері бойынша су спорт түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстанның U19 жас санатындағы ерлер құрамасы су добынан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Финалда қазақстандықтар Жапония құрамасымен кездесіп, 8:12 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасы турнир барысында жоғары нәтиже көрсетіп, финалға дейін жеті кездесу өткізді. Топтық және плей-офф кезеңдерінде біздің спортшылар Гонконгты (23:3), Шри-Ланканы (32:2), Таиландты (22:2), Иранды (11:5), Өзбекстанды (22:8) және Сингапурды (15:9) жеңсе, топтық кезеңде Жапонияға 12:14 есебімен есе жіберген болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, үшінші орын үшін өткен кездесуде Қытай құрамасы Сингапурды жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Фото: СДД