457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның садақшылар әлем кубогының үшінші айналымына жолдама алды

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі үшінші айналымға шықты.

Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, халықаралық турнир аясында блокты садақ атудан жарыстың бастапқы кезеңдері өтті.

Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі үшінші айналымға шықты. 1/16 финалда Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян және Диана Юнусова сынға түседі.

Мұса Ділмұхамет 1/16 финалда нидерландтық Майк Схлуссерпен кездеседі. Виктория Лянның қарсыласы неміс елініңі өкілі - Катарина Рааб болса, Диана Юнусова 1/8 финалға шығу үшін бритардық Элла Гибсонмен бақ сынайды.

Сондай-ақ бүгін, 10 маусымда, классикалық садақ атудан жарыстар басталады.

Фото: ҰОК