Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының екі спортшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Еркін жаттығуларда Дмитрий Патанин іріктеу кезеңін 4-орынмен аяқтап, шешуші кезеңге шықты. Ал Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуларда 6-орын алып, финалға өтті.
Командалық көпсайыста Қазақстан құрамасы 240,660 ұпаймен 4-орынға тұрақтады. Бірінші орынды Қытай (254,194), екінші орынды Жапония (248,795), үшінші орынды Оңтүстік Корея (242,561) иеленді.
Финалдық жарыстар 20-21 маусым күндері өтеді.
Фото: ҰОК