Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық жүзушілері Азия чемпионатында ел рекордын жаңартты

Сабина Асқарқызы 234 қаралым
Қазақстандық жүзушілері Азия чемпионатында ел рекордын жаңартты

Қазақстан құрамасы жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Софья Сподаренко және София Әбубәкірова 4х100 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.

Олар 3:35.36 нәтижесімен мәре сызығын кесіп, Қазақстан рекордын жаңартты. 

Бұған дейін қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті. Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреген еді. 

Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар