Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды
Таиландтың Бангкок қаласында жас ерекшеліктері бойынша су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының жүзгіштері жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Құрлық біріншілігінде жасөспірімдер мен жастар санатындағы спортшылар бақ сынап жатыр. Қазақстан құрамасы жарысты жалпы 16 медальмен аяқтады. Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.
Алтын медальдарды Александр Румынский (100 және 200 метрге шалқалап жүзу), Даниил Чужинов (200 метрге кешенді жүзу), Анатолий Руденко (100 және 50 метрге брасс әдісімен жүзу), сондай-ақ 4×100 метрге аралас эстафетада өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының А тобы иеленді.
Күміс жүлдеге Александр Миронычев (50 метрге баттерфляй және 50 метрге еркін стильмен жүзу), Дарья Чеснокова (50 метрге шалқалап жүзу), Федор Диденко (800 метрге еркін стильмен жүзу), 4×100 метрге аралас эстафетадағы В тобы, 4×200 метрге еркін стильмен жүзу эстафетасындағы А тобы және 4×100 метрге аралас эстафетадағы А тобы қол жеткізді.
Қола медальдарды Федор Диденко (400 метрге еркін стильмен жүзу), Даниил Чужинов (400 метрге кешенді жүзу) және 4×100 метрге еркін стильмен жүзу эстафетасындағы А тобы жеңіп алды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған