Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 69 қаралым
Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та өткен турнирде  төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.

Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.33) мәреге бірінші болып жетті. Сонымен қатар 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02) күміс медаль иеленді.

200 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов (2:09.20) күміс жүлдегер атанды.

Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.76) үшінші орынға ие болды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар