Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жүзу сайыстары жалғасуда, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҰОК мәліметінше, бүгін ұлттық құрама спортшылары жекелей және командалық сайыста финалға жолдама алды.
200 метрге арқамен жүзуде Александр Румынский 3-орын алып, финалға өтті.
400 метрге еркін стильде жүзуде Федор Диденко 8-орын алып, шешуші бәсекеге жолдама алды.
Қазақстан ерлер құрамасы 4х100 метрге еркін стильде жүзуден эстафеталық жарыста 7-орынға тұрақтады. Осылайша, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, финал Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Фото: ҰОК