Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Batumi WTT Youth Contender халықаралық турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыс 18-21 қыркүйек күндері Грузияның Батуми қаласында өтеді. Мұнда жүлделер 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша сарапқа салынады.
Турнирге Қазақстанмен бірге Әзербайжан, Англия, Болгария, Нидерланд, Грузия, Үндістан, Израиль, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина және Франциядан келген спортшылар қатысады.
Бұл жарыс жас теннисшілер үшін халықаралық тәжірибе жинап, рейтингін көтеруге және алдағы ірі турнирлерге дайындық жасауға үлкен мүмкіндік болмақ.
Фото: ҰОК