Қазақстандық жас триатлоншылар Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Түркістанда өтіп жатқан триатлоннан Азия кубогы кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жүлдеге бай өнер көрсетті. Отандастарымыз жарыс қорытындысында төрт медальға ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлдар арасындағы бәсекеде Қазақстан өкілі Рамазан Әйнегов мәре сызығын бірінші болып кесіп, 21:59 нәтижесімен алтын жүлдені еншіледі. Екінші орынды 22:04 көрсеткішімен Гор Депершмидт иеленсе, Ресей спортшысы Илья Зотов 22:12 нәтижесімен қола медаль алды.
Қыздар арасында да қазақстандық спортшы топ жарды. Алуа Нұрмұхамет жарысты 25:26 уақытта аяқтап, Азия кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Екінші орынға 25:48 нәтижесімен Калерия Шнайдер жайғасса, ресейлік Алёна Лопатина 25:50 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы екі жарыста да алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда өткен ересектер арасындағы бәсекеде Қазақстан спортшысы Арлан Жаңабай күміс жүлдеге ие болған еді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған