Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық жас шахматшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 116 қаралым
Қазақстандық жас шахматшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен мектеп оқушылары арасындағы Азия-2025 шахмат чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін тарихи жетістікпен аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жас шахматшыларымыз үш бағдарлама бойынша – рапид, классика және блиц сайыстарында барлығы 22 медаль (10 алтын, 7 күміс, 5 қола) иеленіп, құрлықтың үздік командаларының қатарына кірді.

Бәсеке 2025 жылғы 25 қазан мен 1 қараша аралығында өтті. Онда 16 елден 675 спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасында 38 шахматшы өнер көрсетті.

Жарыс ұлдар мен қыздар арасында 6 жас санаты бойынша ұйымдастырылды:

– 7 жасқа дейін, 9 жасқа дейін, 11 жасқа дейін, 13 жасқа дейін, 15 жасқа дейін және 17 жасқа дейінгі спортшылар.

Рапид сайысында жас қазақстандықтар ерекше көзге түсіп, 4 алтын және 4 күміс медаль еншіледі.

Ал классикада – 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль,

блицте – 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Жалпы қорытынды бойынша Қазақстан шахматшылары рапидте – 1-орын, классикада – 3-орын, блицте – 2-орын алды.

Былтыр Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қазақстан 17 медаль (1 алтын, 7 күміс, 9 қола) иеленсе, ал 2023 жылы Бангкокте 24 медаль (10 алтын, 7 күміс, 7 қола) жеңіп алған болатын.

 

 

Фото: Mongolian Chess Federation

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар