457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық жас паделшілер халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының мүшелері Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин Индонезияда өткен FIP Promises Bali халықаралық турнирінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық жұп 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында финалда алаң иелері Пурвако Эцио мен Ритеша Гиланы 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 18 жасқа дейінгі санатта да финалға дейін жетті. Чемпиондық матчта олар индонезиялық Бай Путражати мен Рой Соесилоға тартысты кездесуде есе жіберді. Бірінші сетті қазақстандықтар 6:4 есебімен өз пайдасына шешсе, екінші партия тай-брейкте қарсыластардың жеңісімен аяқталды – 7:6 (7:2). Супер тай-брейкте индонезиялық жұп 11:9 есебімен басым түсті.

Осылайша, қазақстандық спортшылар турнирді 16 жасқа дейінгі санатта алтын, 18 жасқа дейінгілер арасында күміс медальмен аяқтады.

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Тимур Хабибулин жас спортшылардың нәтижесін жүйелі дайындықтың жемісі деп бағалады.

Оның айтуынша, Арнұр мен Ислам бірнеше турнир қатарынан өздерінен жасы үлкен қарсыластармен тең дәрежеде бәсекелесіп, тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мұндай жарыстар олардың тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейде сенімді өнер көрсетуіне мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл мамыр айында қазақстандық дуэт FIP Promises Tbilisi турнирінде 16 және 18 жасқа дейінгі санаттарда жеңімпаз атанса, шілдеде дәл осы жетістігін FIP Promises Jakarta жарысында қайталаған болатын.

FIP Promises Bali турниріндегі табысты өнердің нәтижесінде Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 16 жасқа дейінгі Азия рейтингінде төртінші, ал 18 жасқа дейінгі санатта алтыншы орынға көтерілді. Бұл – қазақстандық жұптың осы уақытқа дейінгі ең үздік көрсеткіші.

 

Фото: Қазақстан падел федерациясы

Ең көп оқылған