Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарында топ жарды

Сабина Асқарқызы 122 қаралым
Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарында топ жарды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы жағажай волейболынан алтын медаль иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Финалдық кездесуде қазақстандық жұп Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Таиланд құрамасымен кездесіп, сенімді ойынымен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 2:0 (21:15, 23:21).

Осылайша, отандастарымыз Азия ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан спорт тарихына жаңа жетістік қосты.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің қыздар құрамасы осы жарыста қола медаль жеңіп алған болатын.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар