457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық велошабандоз қыздар Азия чемпионатында топ жарды

Аталған додада жасөспірімдер арасында өткен мэдисон сайысында Анель Ташбай мен Аружан Кабдулова қарсыластарынан оқ бойы озық келді.

Қазақстандық спортшылар Анель Ташбай мен Аружан Кабдулова велотрек бойынша Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz

Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды.

Аталған додада жасөспірімдер арасында өткен мэдисон сайысында Анель Ташбай мен Аружан Кабдулова қарсыластарынан оқ бойы озып, бірінші орынды иеленді. Күміс жүлде Өзбекстан құрамасына бұйырса, Тайбэй спортшылары үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін де Анель Ташбай мен Аружан Кабдулова, сондай-ақ Виталина Хоружая, Алия Букаева және Айгерим Смайлканова командалық қуу жарысында (преследование) алтын медаль жеңіп алған болатын.

Фото: ҰОК