Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Денис Сергиенко күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық спортшы ККO (кросс-кантри олимпиадалық) дисциплинасында мәреге 1 сағат 24 минут 47 секундта жетіп, екінші нәтиже көрсетті.
Азия чемпионы атағын Жапония өкілі Рики Китабаяси жеңіп алса, қола медаль Қытай спортшысы Юань Цзиньвэйге бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін жастар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының мүшесі Юлия Ли XCO және XCC дисциплиналарында екі қола медаль жеңіп алған болатын.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған