Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық төреші Индира Бектенова Азия ойындарына шақырту алды

Сабина Асқарқызы 81 қаралым
Қазақстандық төреші Индира Бектенова Азия ойындарына шақырту алды

Түркістан облысының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының өкілі Индира Бектенова 2026 жылғы Жапонияда өтетін ХХ жазғы Азия ойындарына ресми шақырту алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол байдарка мен каноеде есу спортынан халықаралық техникалық төреші (ITO) ретінде қызмет атқарады.

Индира Бектенова – Қазақстаннан шыққан алғашқы халықаралық санаттағы әйел төреші. Ол өз тәжірибесі мен еңбегінің арқасында ел атынан ірі халықаралық жарыстарда қызмет ету мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол Мажарстанның Сегед қаласында өтетін Әлем кубогі кезеңінде Finish Line Judge ретінде Халықаралық байдарка мен каноеде есу федерациясының (ICF) төрешілер алқасында жұмыс істейді.

ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді. Жарыс бағдарламасында 41 спорт түрі (68 дисциплина) бар, барлығы 460 жүлде сарапқа салынады.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар