457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық таеквондошылар Болгариядағы турнирде үздік нәтиже көрсетті

Қазақстан құрамасы Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде 11 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы таеквондодан София қаласында (Болгария) өткен Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Аталған байрақты бәсекеде Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін), Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) алтын медальға ие болды.

87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Ал Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Жанель Сұлтанғалиева (46 келіге дейін), Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Жазира Иссина (57 келіге дейін), Батырхан Кусетов (80 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Ресей бірінші орын алса, Иордания үздік үштікті түйіндеді.

Фото: ҰОК