Қазақстандық суда жүзушілер Ислам ойындарында алтын үшін сынға түседі
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзу сайыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының спортшылары алдын ала кезеңдерге қатысып, аралық жетістіктерге жетті.
Ерлер арасындағы 4×100 метрлік эстафетада (кешенді жүзу) Қазақстан құрамасы бірінші орынмен финалға өтті.
100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин мен Максим Сказобцов жартылай финалға шықты.
Глеб Коваленя 50 метрге арқамен жүзуден жартылай финалда бақ сынайды.
Айбат Мырзамұратов та іріктеуден сәтті өтіп, 50 метрге брасс әдісімен жүзуден ақтық сынға шығу үшін күреседі.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған