Қазақстандық спортшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынады
Литваның Каунас қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Тамирлан Төлегенов пен Берік Хамза іріктеу кезеңі мен жартылай финалдан сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша Тамирлан Төлегенов 23-орынға, ал Берік Хамза 25-орынға тұрақтады.
Эстафеталық сайыста Берік Хамза мен Тамирлан Төлегенов үздік ондыққа еніп, алтыншы орынды иеленді. Әйелдер эстафетасында ел намысын қорғаған Яна Беспалова мен Сабина Ахмедина жарысты 12-орынмен аяқтады.
Аралас эстафетада Яна Беспалова мен Тамирлан Төлегеновтен құралған Қазақстан құрамасы 13-орынға жайғасты.
Командалық есепте Берік Хамза, Тамирлан Төлегенов және Нұрғали Өмірсерік сегізінші орынға ие болды. Ал әйелдер командасында Яна Беспалова, Сабина Ахмедина және Диана Гренц 14-орыннан көрінді.
Жас спортшылардың бұл нәтижесі халықаралық додада тәжірибе жинақтап, алдағы жарыстарға дайындықтарын шыңдауға мүмкіндік берді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған