Еуропада шаңғымен тұғырдан секіруден өтетін дәстүрлі «Төрт тұғыр турнесі» мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Беделді көпкүндік дода Әлем кубогының бағдарламасына кіретін төрт кезеңнен тұрды. Жарыстар Германия мен Аустрияда ұйымдастырылды.
Жалпы қорытынды бойынша қазақстандық спортшылар Илья Мизерных 32-орынға, Данил Васильев 46-орынға тұрақтады.
Турне жеңімпазы атанған словениялық Домен Превц алтын жүлдені еншіледі. Күміс медаль Аустрия өкілі Ян Херльге бұйырса, қола жүлдені тағы бір аустриялық спортшы Штефан Эмбахер иеленді.
Фото: ҰОК