Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысып жатыр

Сабина Асқарқызы 104 қаралым
Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысып жатыр

1 сәуірде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлем біріншілігіне 1000-нан астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы атынан 17 семсерлесуші өнер көрсетеді:

Қылыш (жасөспірімдер): Нұрмұхаммед Жайлыбай, Ерхан Қараман, Қанағат Шерім, Сұлтан Станбек, Әдемі Серікбай, Қайша Жәнібек, Наргиз Сайдуллаева
Қылыш (кадеттер): Айбар Қайым
Шпага (жасөспірімдер): Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Нариман Уәлихан, Жанарбек Жанұзақов
Шпага (кадеттер): Александр Шешин, Полина Лесовская
Рапира (жасөспірімдер): Тимофей Семенов, Мансұр Естеу, София Актаева

Әлем чемпионаты 9 сәуірде аяқталады.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар