Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңіне қатысты

Сабина Асқарқызы 91 қаралым
Қазақстандық спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңіне қатысты

Швецияның Фалун қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Үлкен тұғырдан секіру жарысында словениялық спортшы Анзе Ланисек жеңіске жетті. Екінші орынға аустриялық Стефан Эмбахер табанды өнер көрсетіп, ие болса, қола медальді тағы бір словениялық Домен Превц жеңіп алды.

Қазақстан атынан жарысқа шыққан Илья Мизерных пен Данил Васильев 47-ші және 50-орындарды иеленді. Бұл нәтижелер қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстардағы бәсекелестік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Әлем кубогының әр кезеңі оларға тәжірибе жинап, техникалық және психологиялық дайындығын жетілдіруге жағдай жасайды.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар