Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында бір күнде төрт матч өткізеді
Қазақстандық спортшылар Бахрейндегі Азия жасөспірімдер ойындарында бір күнде төрт матч өткізеді, деп жазады malimsports.kz.
21 қазан күні Бахрейнде өтіп жатқан Азияның үшінші жасөспірімдер ойындарында Қазақстан құрамасы төрт кездесуге қатысады.
Күнді қыздар арасындағы гандбол матчымен бастайтын отандастарымыз Үндістан құрамасына қарсы алаңға шығады. Ойын Астана уақытымен 14:00-де басталады.
Кешкісін бич волейболдан екі кездесу өтеді. Алдымен ұлдар құрамасы Қазақстан – Малайзия матчын өткізсе (18:00), одан кейін қыздар құрамасы Қытаймен кездеседі (21:00).
Күн соңында ұлдар арасындағы гандбол ойыны жоспарланған. Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктерімен кездеседі. Матч 22:00-де басталады.
Фото:
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған