Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Сабина Асқарқызы 230 қаралым
Қазақстандық спортшылар әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар әртістік (синхронды) жүзуден кезекті жетістікке жетті.

Әйелдер арасындағы еркін бағдарлама сайысында қазақстандық дуэт Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова 206.6363 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Жарыс нәтижесі:

Өзбекстан – Хадиша Агзамова, Сабина Махмудова (209.9784 ұпай)

Қазақстан – Даяна Джаманчалова, Ясмин Тұяқова (206.6363 ұпай)

Қытай – Сыи Чэнь, Юйтун Цзян (183.4671 ұпай)

Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия чемпионатының үздік үштігіне енді.

Әртістік жүзу туралы
Әртістік жүзу (немесе синхронды жүзу) — музыка ырғағымен су бетінде әсем әрі дәл қимылдарды орындайтын спорт түрі. Ол жүзу, гимнастика және би элементтерін біріктіретін күрделі әрі көркем спорт ретінде ерекшеленеді.

Айта кетейік, осы Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан 1/4 финалға жолдама алған болатын.

Фото: Olympic.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар