Қазақстандық спортшы Англияда қайтыс болды
Қазақстандық спортшы, пауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева 8 тамызда Ұлыбританияда қайтыс болды. Параспортшы соңғы уақытта күйеуімен бірге Англияда тұрған, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қайғылы хабарды тележүргізуші Әдел Оразалинова (Адель Смит) әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол марқұм спортшымен 30 жылға жуық уақыт бойы жақын дос болғанын атап өтті.
Оның мәліметінше, Гузал Ергешева түнде ұйықтап жатқан кезде талмасы ұстап, қайтыс болған. Спортшы қайтыс болардан бір күн бұрын күйеуінің туыстарымен уақыт өткізіп, кейін досымен кездескен.
Әдел Оразалинова марқұмды жылы еске алып, оның өмірге құштар, мейірімді әрі болашаққа көптеген жоспары болғанын жазды.
Қазір спортшының отбасы оның денесін Қазақстанға жеткізу мәселесін ұйымдастырып жатыр. Осыған байланысты Әдел Оразалинова әлеуметтік желі қолданушыларынан Ұлыбританиядан репатриация рәсіміне қатысты ақпаратпен бөлісуді және Қазақстан консулдығы өкілдерімен байланыс орнатуға көмектесуді сұрады.
Айта кетейік, Гузал Ергешева 2017 жылы Канадада бойы аласа спортшылар арасында өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Фото: facebook.com/Guzlama
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған