457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық спорт менеджері MEMOS бағдарламасы бойынша оқуын аяқтады

Тыңдаушылар Барселонада, Мехикода, Мадридте және Лозаннада білім алды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай Халықаралық Олимпиадалық комитеті ұйымдастырған Executive Masters in Sports Organisations Management (MEMOS) бағдарламасы бойынша оқуын аяқтады, деп жазады malimsports.kz
Бағдарлама офлайн форматта өтіп, төрт түрлі елде ұйымдастырылған модульдерден тұрды. Тыңдаушылар Барселонада, Мехикода, Мадридте және Лозаннада білім алды.
Әр модуль барысында қатысушылар қаржыны басқару, маркетинг, адами ресурстарды басқару, цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ нақты жағдайларға негізделген жобалық менеджмент сияқты спорт менеджментінің негізгі бағыттарын меңгерді.
Бағдарламаны аяқтаған түлектерге ХОК пен Льейда университетінің (Испания) дипломдары табысталды.
MEMOS бағдарламасы спорт менеджменті саласындағы ең беделді білім беру бастамаларының бірі саналады және 1995 жылдан бері Olympic Solidarity қолдауымен жүзеге асып келеді. Осы уақыт ішінде 172 елден 800-ден астам маман бұл бағдарламаны тәмамдап, халықаралық және ұлттық спорт ұйымдарында қызмет атқарып жүр.
Бектұр Қиятбай - өтінімі ХОК тарапынан мақұлданған Қазақстандағы екінші маман және бағдарламаның испан тіліндегі бөлімінде оқыған алғашқы қазақстандық. Бұған дейін, 2005 жылы ағылшын тіліндегі бөлімді Виктор Ким аяқтаған болатын.

Фото: ҰОК