Қазақстан құрамасы семсерлесуден Канададағы Ванкувер қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әйелдер арасындағы сынға София Николайчук қатысып, ел намысын қорғайды.
Ерлер бәсекесінде Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Алексей Касаткин және Александр Федотов медаль мен рейтингтік ұпай үшін сайысқа түседі.
Жарыс 4-6 желтоқсан аралығында өтеді.
Фото: ҰОК