Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Гран-при додасында бақ сынайды

Сабина Асқарқызы 70 қаралым
Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Гран-при додасында бақ сынайды

Рапирамен семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасы Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясының халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Маңызды жарыс 5-7 ақпан күндері ұйымдастырылады.

Аталған бәсекеде Қазақстан атынан София Актаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін София Актаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алған болатын.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар