Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер Германиядағы Әлем кубогы кезеңін алтыншы орынмен аяқтады

Сабина Асқарқызы 67 қаралым
Қазақстандық семсерлесушілер Германиядағы Әлем кубогы кезеңін алтыншы орынмен аяқтады

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден ерлер арасында өткен Әлем кубогы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы командалық сайыста ширек финалға дейін жетіп, жалпы есепте алтыншы орынды иеленді. Турнир барысында отандық семсерлесушілер Португалия мен алаң иелері Германия құрамаларын жеңді. Алайда 1/4 финалда Швейцария командасына есе жіберді.

Командалық жарыста ел намысын Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Франция құрамасы чемпион атанса, Оңтүстік Корея күміс медальға қол жеткізді. Ал Нидерланд командасы қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, жекелей сында қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов алтын медаль жеңіп алды.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар