Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Сабина Асқарқызы 138 қаралым
Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасы Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандастарымыз командалық сайыста үздік үштікке еніп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ел намысын Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Яков Федотов және Нариман Уәлихан қорғады.

Турнир барысында қазақстандық спортшылар Жаңа Зеландия құрамасын 45:31 есебімен, ал Өзбекстанды 44:33 есебімен жеңді. Жартылай финалда ұлттық құрама Гонконг командасына 37:45 есебімен есе жіберіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар