Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогында үш медаль олжалады

Сабина Асқарқызы 138 қаралым
Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогында үш медаль олжалады

Ташкентте өткен кадеттер мен жасөспірімдерге арналған әлем кубогында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жекелей сында бір алтын, командалық жарыстарда екі күміс медаль иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алматы облысының өкілі Айбар Қайым кадеттер арасындағы жарыста топ жарды. Ол семсерлесуді небәрі 2020 жылдың соңында бастағанына қарамастан, халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Іріктеу кезеңін екінші орынмен аяқтаған Айбар негізгі кезеңде қарсыластарының бәрін сенімді жеңді:

• 1/32 финал – Диас Кассен (Қазақстан): 15:11

• 1/8 финал – Инан Ву (Қытай): 15:14

• Ширек финал – Саидиброхим Алимов (Өзбекстан): 15:9

• Жартылай финал – Матвей Бирюков (AIN): 15:6

• Финал – Бендегуз Кенде Фодор (Венгрия): 15:12

Жасөспірімдер арасындағы командалық сайыстарда да қазақстандық спортшылар финалға дейін жетіп, екі мәрте күміс медаль жеңіп алды. Әйелдер құрамында Қайша Жаныбек, Наргиз Сайдуллаева, Адема Серікбай және Әдила Рсалина, ал ерлер командасында Нұрмұхаммед Жайлыбай, Сұлтан Станбек, Қанағат Шерім және Ерхан Қараман өнер көрсетті.

 

 

Фото: Семсерлесу федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар