Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатындағы жекелей жарысты аяқтады
Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сапы сайысының плей-офф кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан атынан Азияның қазіргі чемпионы Ирина Бакалдина мен София Николайчук үздік 32 спортшының қатарына ену үшін сынға түсті.
Ирина Бакалдина тартысты өткен кездесуде Украина өкілі Эмили Конрадқа 14:15 есебімен есе жіберді. Ал София Николайчук канадалық Джулия Иньнен 10:15 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.
Ертең Қазақстан құрамасы жекелей сындағы жарысты ерлер арасындағы семсер сайысында Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтың қатысуымен жалғастырады. Сонымен қатар қылыш сайысында Карина Доспай, Айгерім Сарыбай және Анастасия Гулик медаль үшін бақ сынайды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған