457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық сарбаз әлем кубогында қола жүлдеге ие болды 

Жекпе-жек ұрыста Мансұр Мимбулатов 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Спорттық щеберлігін көрсетіп, қорытынды есеп бойынша қола жүлдеге ие болды.

Астанада ерлер мен әйелдер арасындағы жекпе-жек ұрыстан әлем кубогының финалы өтті. Ауқымды турнир Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналды. Бұл жарыста ҚР Ұлттық ұланының 3502-әскери бөлімі, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі, Ақтау қаласында әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Мансур Мимбулатов қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жекпе-жек ұрыста Мансұр Мимбулатов 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Спорттық щеберлігін көрсетіп, қорытынды есеп бойынша қола жүлдеге ие болды.

«Мен үшін Ұлттық ұланның халықаралық деңгейде танылуы – үлкен жетістік және үлкен жауапкершілік. Әрбір жекпе-жек мықты дайындық пен бірбеткейлікті қажет етеді. Маған сенім артып, қолдау білдірген баршаға үшін алғыс айтамын», – деді қатардағы жауынгер Мансур Мимбулатов.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы спортшыны жетістігімен құттықтап, оның нәтижесі жас әскери қызметшілер үшін табандылық, батылдық пен патриотизмнің лайықты үлгісі екенін атап өтті.
«Біздің ұландардың жеңісі – Ұлттық ұланның беделін нығайтып, жеке құрамды жаңа жетістіктерге шабыттандырады», - деді қолбасшылық өкілдері.
Айта кетейік, биылғы турнирге 15 елдің ұлттық құрамалары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, финал халықаралық ынтымақтастықты нығайтқан маңызды спорттық оқиға болды.

Фото: ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы