Закопане (Польша) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жекелей жарыста финалдық кезеңге Данил Васильев жетті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 24-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы командалық сайыста да өнер көрсетті. Данил Васильев пен Нұршат Тұрсынжанов 13-ші орынға ие болды.
Фото: ҰОК