Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық шаңғымен тұғырдан секірушілер Франциядағы Гран-приде бақ сынады

Сабина Асқарқызы 30 қаралым
Қазақстандық шаңғымен тұғырдан секірушілер Франциядағы Гран-приде бақ сынады

Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Францияның Куршевель қаласында өткен жазғы Гран-при кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Илья Мизерных 12-орынға тұрақтаса, Данил Васильев 13-орыннан көрінді.

Екінші жарыс күнінде финалдық кезеңге Қазақстан атынан тек Илья Мизерных жолдама алды. Нәтижесінде отандасымыз жарысты 16-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Польшаның Висла қаласында өткен жазғы Гран-при кезеңінде Данил Васильев екі рет үздік ондыққа кірген болатын. Қазақстандық спортшы жарыстардың бірінде төртінші, екіншісінде бесінші орын иеленді.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар