Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық садақшылар Азия кубогына дайындықты бастады

Сабина Асқарқызы 82 қаралым
Қазақстандық садақшылар Азия кубогына дайындықты бастады

Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия кубогының алғашқы кезеңіне дайындықты бастады. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлімдеді.

Аталған дайындық аясында 5-20 ақпан аралығында спортшылар Алматы облысында орналасқан Спорттық даярлық орталығының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиынға еліміздің 30 үздік садақшысы қатысып, халықаралық дода алдындағы дайындықтарын пысықтайды.

Айта кетейік, Азия кубогының алғашқы кезеңі 21-28 наурыз күндері Бангкок қаласында (Таиланд) өтеді.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар