Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Сабина Асқарқызы 31 қаралым
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Бұл күндері Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында садақ атудан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың кезекті күнінде спортшылар блоктық садақ атудан жекелей сынға түсті. Өкінішке қарай, отандық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көріне алмай, үздік ондыққа енді.

Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады. Екеуі де әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті.

Айта кетейік, ұлттық құрама әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медальға ие болды. Бұл жетістікке Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян қол жеткізді.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар