Қазақстандық құзға өрмелеушілер Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады
Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасының спортшылары жарыстың «жылдамдық» бағдарламасында бақ сынады.
Ерлер арасында ұлттық құрама сапындағы ең жоғары нәтижені Дамир Тоқтаров көрсетті. Ол жарысты 13-орынмен аяқтады. Сондай-ақ Ришат Хайбуллин 14-орынға, Әмір Маймұратов 26-орынға, Рашид Хайбуллин 35-орынға, ал Әлішер Мұрат 50-орынға тұрақтады.
Әйелдер арасындағы жарыста Тамара Ұлжабаева 35-орын иеленді. Анна Баларшина 42-нәтиже көрсетсе, Арина Новицкая 50-орыннан көрінді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған