457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиадаға жолдама ала алмады

Бұл бағдарламада небәрі бес үздік спортшы ғана 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гауһар Наурызова Бейжіңде өткен 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Дуэт мұздағы би бағдарламасында бақ сынап, Олимпиада жолдамасына таласқан болатын. Лицензия иелену үшін үздік төрттікке ену қажет еді. Алайда қазақстандық спортшылар еркін бағдарламада 134,78 ұпай жинап, 15-орынға тұрақтады.

Олимпиадалық жолдаманы Литва елінің жұбы Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (198,73 ұпай), Аустралиядан Холли Харрис пен Джейсон Чан (183,50), Испания спортшылары София Валь мен Асаф Казимов (170,32), сондай-ақ Қытай жұбы Шиюэ Ван мен Синьюй Лю (168,83) иеленді.

Сонымен қатар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев та Олимпиада жолдамасынан тыс қалды. Ол ерлер арасындағы жекелей сында 189,14 ұпай жинап, 14-орынға табан тіреді. Бұл бағдарламада небәрі бес үздік спортшы ғана 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі іріктеу турнирінде лицензиясыз қалды.

Фото: Olympic.kz