Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиадаға іріктеу турнирінде бақ сынайды

Сабина Асқарқызы 36 қаралым
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиадаға іріктеу турнирінде бақ сынайды

19 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға жолдама беретін іріктеу жарысы басталады, деп жазады malimsports.kz.

Жарыста 2026 жылғы Олимпиадаға арналған соңғы квоталар үлестіріледі. Қазақстан спортшылары екі бағдарлама бойынша мұзға шығады.

Ерлер арасындағы жекелей сынға Диас Жиренбаев қатысады. Сонымен қатар қосалқы құрамда Никита Кривошеев, Олег Мельников және Артур Смағұлов бар. Ал мұздағы би бағдарламасында Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетеді.

Айта кетсек, жекелей сайыс нәтижесінде алғашқы бес спортшы Олимпиадаға жолдама алса, мұздағы биден үздік төрт жұпқа квота беріледі.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар