Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Гран-при кезеңіне қатысады

Сабина Асқарқызы 41 қаралым
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Гран-при кезеңіне қатысады

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Таиландтың Бангкок қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс 3-5 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы сапында Бангкоктағы додада Мария Сосновская мен Ералы Шахмұрат өнер көрсетеді.

Сондай-ақ Сафия Абаева, Артур Смағұлов және Никита Козлов қосалқы құрамға енгізілді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясы 20 тамызда Қытайдың Сиань қаласында басталады. Ал Бангкоктағы кезең халықаралық серияның кезекті жарысы болмақ.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар