Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда сенсация жасады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан ISU Гран-при сериясының төртінші кезеңінде сенсациялық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортшы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша екінші орынға жайғасты.
Самоделкина өзінің әсерлі өнерімен төрешілерден 67,75 ұпай жинап, алғашқы үштіктің қатарына кірді. Бұл оның халықаралық деңгейдегі ең жоғары нәтижелерінің бірі саналып отыр.
Қысқа бағдарламада көш басында үш дүркін әлем чемпионы, жапон спортшысы Каори Сакамото (77,05 ұпай) тұр. Үштікті Оңтүстік Кореядан Ён Ю (67,66) түйіндеді.
ISU Гран-при кезеңі. Осака (Жапония). Әйелдер. Қысқа бағдарлама нәтижесі:
Каори Сакамото (Жапония) — 77,05 ұпай
Софья Самоделкина (Қазақстан) — 67,75
Ён Ю (Оңтүстік Корея) — 67,66
Луна Хендрикс (Бельгия) — 62,45
Асун Юн (Оңтүстік Корея) — 61,51
Сара Эверхардт (АҚШ) — 61,41
Анна Пеццетта (Италия) — 61,35
Элис Лин-Грейси (АҚШ) — 60,62
Юна Аоки (Жапония) — 56,72
Вакаба Хигути (Жапония) — 53,15
Кэтрин Медлан Спенс (Канада) — 48,42
Ливия Кайзер (Швейцария) — 47,95
Осылайша, Софья Самоделкина Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында ірі халықаралық турнирлерде үздік үштікке енген санаулы спортшылардың бірі атанып отыр. Алдағы еркін бағдарламада ол алтын үшін күресті жалғастырады.
Фото: ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған