457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық киберспортшылардан құралған команда The International турнирінің жартылай финалына шықты

Екі картаға созылған матчта қазақстандықтар бастаған ұжым 2:0 есебімен басым түсті.

Шанхайда Dota 2 ойыны бойынша әлемдегі ең ірі жарыстардың бірі - The International турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық киберспортшылар өнер көрсететін Team Yandex командасы ширек финалда жеңіске жетіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды, деп жазады malimsports.kz. 

Ширек финалда Team Yandex еуропалық Team Liquid командасымен кездесті. Екі картаға созылған матчта қазақстандықтар бастаған ұжым 2:0 есебімен басым түсті.

Жеңімпаздар сапында ең нәтижелі ойын көрсеткен — қазақстандық Алимжан «Watson» Исламбеков. Команда құрамында тағы бір қазақстандық киберспортшы Арман «Malady» Оразбаев бар. Сонымен қатар Team Yandex сапында ресейліктер Дмитрий «DM» Дорохин мен Илья «CHIRA JUNIOR» Чирцов, македониялық Мартин «Saksa» Саздов өнер көрсетеді.

Осы жеңістен кейін Team Yandex жоғарғы тордың жартылай финалына өтті. Енді команда Еуропа мен Азия киберспортшыларынан құралған Nigma Galaxy ұжымымен кездеседі.

Жартылай финалдың екінші матчында Team Spirit пен TEAM VISION командалары өзара бақ сынайды.

Ал ширек финалда жеңілген Team Liquid жарысты төменгі торда жалғастырады. Оның келесі қарсыласы Team Falcons болады.

Фото:  Dota 2

Ең көп оқылған