Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық киберспортшы тағы бір халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 137 қаралым
Қазақстандық киберспортшы тағы бір халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (Molodoy) BLAST Rivals Finals Season 2 жарысының финалында қатарынан үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спорт Шредингер Telegram арнасының хабарлауынша, Данил CS2 дисциплинасында бразилиялық FURIA командасының құрамында бақ сынаған.

Финалда FURIA Team Falcons ұжымымен жолықты. Алғашқы картада Inferno 2:13 есебімен қарсыластарға басымдық берді. Алайда кейін FURIA екі картаны өз пайдасына шешті: Nuke – 13:9, Train – 19:15.

Төртінші карта Mirage-де Molodoy тамаша ойын үлгісін көрсетті (32-19-3), ал матч овертаймға ұласты. Шешуші кезеңде FURIA құрамындағы жұлдызды ойыншылар – m0NESY, NiKo және kyosuke – сенімді өнер көрсетіп, командаға қатарынан үшінші чемпиондықты әкелді.

Енді FURIA-ны маусымның басты додасы – StarLadder Budapest Major 2025 жарысы күтіп тұр, онда бразилиялық ұйым фавориттердің бірі саналады.

 

 

Фото: Qazsport

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар