Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық гимнасттар әлем кубогынан қола жүлде жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 60 қаралым
Қазақстандық гимнасттар әлем кубогынан қола жүлде жеңіп алды

Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Синхронды секіру бойынша аралас жұптық жарыста Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина 49,68 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Бұл бағдарламада жапон спортшылары жеңімпаз атанса, күміс жүлде бейтарап спортшыларға бұйырды.

Айта кетейік, жарысқа 14 елден 60-тан астам спортшы қатысуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін ұлттық құраманың өкілі Дмитрий Патанин Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде еркін жаттығуларда топ жарып, финалда 13,900 ұпай жинаған болатын.

 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар