Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық гимнастар Жапония құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Сабина Асқарқызы 95 қаралым
Қазақстандық гимнастар Жапония құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы 19–25 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізуде, деп хабарлайды malimsports.kz.

Құрама қазір Токиода әлемнің ең мықты командаларының бірі – Жапония құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынында.

«Біздің гимнастар әйгілі жапон спортшыларымен, Олимпиада чемпиондары Дайки Хашимото мен Ока Шинасукемен бірге жаттығып жатыр. Бұл – дайындықтың маңызды кезеңі», – деді ұлттық құраманың бас бапкері Александр Ким.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы келесі спортшылардан тұрады:

Милад Карими, Нариман Курбанов, Ілияс Әзізов, Диас Тойшыбек, Зейнолла Ыдырысов және Дмитрий Патанин.

Алдағы әлемдік додада гимнастар ел намысын қорғап, Париж Олимпиадасынан кейінгі жаңа циклдің алғашқы маңызды сатысында бақ сынайды.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар