Қазақстандық гимнаст қыздар Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық гимнаст қыздар командалық көпсайыста қола медаль иеленіп, құрлық біріншілігінің үздік үштігіне енді.
Ева Тациева, Илана Раздыкова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжановадан құралған ұлттық құрама 144.462 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Чемпионатта алтын медальді Қытай құрамасы (163.563 ұпай) жеңіп алса, күміс жүлде Жапония құрамасына (157.329 ұпай) бұйырды.
Қазақстандық гимнаст қыздар жекелеген снарядтардағы финалдарда да медаль үшін күресті жалғастырады. Еркін жаттығуларда Ева Тациева мен Ульяна Пухова өнер көрсетсе, тіреп секіруде Ева Тациева мен Екатерина Лебедь бақ сынайды. Әртүрлі биіктіктегі сырықтағы жаттығулардың финалына Саида Қасымжанова мен Илана Раздыкова шықты. Ал тепе-теңдік бөренесінде Екатерина Лебедь жүлдеге таласады.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған